24 мау, 2019 сағат 23:00

Арыстағы жарылыстар кезінде адасқан 177 бала ата-анасымен қауышты

Арыстағы жарылыстар кезінде адасқан 177 бала ата-анасымен қауышты. Мұндай қуанышты хабармен Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook-тағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Құдайға шүкір, 177 баланы ата-аналары тапты. Жұмыс жалғасып жатыр», - деп жазды Сәкен Қалқаманов. 

Бұған дейін Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайда адасқан балалардың суреті облыстық әкімдік сайтына жарияланып отыратындығын хабарлаған едік.