08 мау, 2020 сағат 15:15

Арыстағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі сот процесі туралы айтты

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыстағы жарылысқа қатысты сот процесі қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Мамыр айында Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс фактісі бойынша сот процесі басталды. Қозғалған істер бір іске топтастырылды. Қалған мәселенің барлығына қатысты пікір білдіре алмаймын. Бұл - сот өндірісінің құзыреті», - деді Бақыт Құрманбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында. 

Бұған дейін Арыстағы жарылысқа қатысты жоғары лауазымды 16 әкери қызметшінің жауапқа тартылып жатқанын хабарлаған едік. Айыпталушылардың арасында еліміздің Қорғаныс министрлігінің бұрынғы бірқатар лауазым иелері, Арыстағы №44859 әскери бөлімінің басшылық құрамы және қатардағы қызметшілері бар. Ал жарылыстан зардап шеккендердің саны 1500-ге жуықтайды.