24 мау, 2019 сағат 16:56

Арыстағы жарылыс: Қорғаныс министрі бір адам қаза тапқанын хабарлады

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы жарылыс кезінде бір адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Ең алдымен қаза тапқан кісінің жақын туыстары мен жарақат алғандарға көңіл айтамыз", - деді ол.

Айта кетейік, бүгін таңертең Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында жарылыс болды. Бірнеше өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл желілер құрды. Көп ұзамай облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы комиссия Арыстағы әскери бөлімге аттанды. Жағдайдың ауқымымен танысқан өңір әкімі Арыс тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданғанын мәлім етті. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындар қайда және қалай эвакуацияланып жатқанын хабарлады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы төтенше жағдайдың зардаптарын жою туралы тапсырма берді.

Кейін хабарланғандай, оқиға орнына Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ұшып шықты.

Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан 46 адам зардап шекті