Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Түркістан облысында спортқа бөлінген бюджет қаражатын орынсыз жұмсайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, спорт секцияларының орнына билік имидждік іс-шараларға жүздеген миллион жұмсайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өңір мәселесін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қозғады. Ол өз сөзінде мектептерде ювеналды полиция инспекторлары жеткіліксіз екенін айтты.
"Барлық өңірлік мектептерде барлығымызға белгілі буллинг мәселесі бар. Яғни кіші балалардан "үлкендер" ақша жинау, күш көрсету. Сондықтан жергілікті деңгейде құқық қорғау органдарына жедел жұмыс жүргізуге және ақша жинаумен айналысатын топтарды ұстауға кеңес беремін. Бізде мектептерде ювеналды инспекторлар жетіспейді. Бір инспектор 10 және одан көп мектептерде жұмыс істейді. Бұл Түркістан облысында бұрыннан келе жатқан проблема. ІІМ тарапынан әрбір мектепте жұмыс істейтін ювеналды инспекторлардың штаттық санын көбейтуге көмек қажет", - деді Қалқаманов Үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ВАК отырысы барысында.
