Қарағанды облысындағы «Арселор Миттал Теміртау» мен Шығыс Қазақстандағы «Казцинк» компаниялары ауаға шығарылатын эмиссия мөлшерін азайтуға міндеттелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Өнеркәсіп ошақтары орналасқан Өскемен мен Теміртау қалаларының атмосфералық ауасының ластану деңгейін шешу үшін министрлік бірқатар компаниямен шығарындылардың деңгейін төмендету туралы келісімге қол жеткізді. Атап айтқанда Теміртаудағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы 2024 жылы эмиссияны 30 пайызға, ал Өскемендегі «Казцинк» компаниясы күкірттің еселенген тотығын 20 пайызға азайтуға міндеттелді. Ол компаниялар өз өндірісінде ең үздік технологияларды енгізеді», - деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ өткен халыққа есеп беру кездесуінде.
Сонымен қатар, министрі ҚазМұнайГаз бірнеше жылдың ішінде бірқатар мұнай қалдықтарын жоятынын мәлім етті.