15 сәу, 2021 сағат 23:05

Арнайы операция: Атырау облысында 812 келі бекіре тәркіленді

Атыраулық полицейлер арнайы операция барысында 812 келі бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бекіре-2021» кең ауқымды акциясы шеңберінде 15 сәуірде Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Атырау қаласының Көкарна ауылындағы саяжайлардың бірінде азамат С-ға тиесілі жалпы салмағы 812 келі 247 дана бекіре балығын заңсыз сақтау дерегін анықтады. Сотқа дейінгі тергеу аясында тәркіленген балық «Жайық-Атырау» бекіре балығын өсіру зауытына тапсырылды», - деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Жинақталған материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) қылмыстық іс қозғау үшін тергеу органдарына жолданды.