18 нау, 2021 сағат 21:10

Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді

Арменияда 20 маусымда кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында осы елдің премьер-министрі Никол Пашинян жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Арменпресс-ке сілтеме жасап.

«18 наурызда өткен «Гүлденіп келе жатқан Армения» фракциясының жетекшісі Гагик Царукянмен кездесуде тараптар «қазіргі сәтте елдің ішкі саяси тығырықтан шығатын ең тиімді жол - кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу» деген қорытынды шығарды» деп жазды Никол Пашинян.