18 қаң, 2021 сағат 15:40

Argonya Қайрат Нұртастың хитіне байланысты келіспеушіліктер болғанын айтты

Әнші Арғын Асаубаев өнердегі әріптесі Қайрат Нұртаспен композицияға таласып қалған. Argonya лақапатымен өнер көрсететін қазақстандық әртіс жаңа хит төңірегіндегі келіспеушіліктердің егжей-тегжейін айтып берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Өткен жылдың күзінде әнші Қайрат Нұртас "Сені сүйем" атты кезекті әнін шығарған. Бірнеше күннен кейін дәл осы композиция Арғын Асаубаевтың орындауында пайда болды, бірақ басқа аранжировкамен. Екі нұсқа да хит болып, тыңдаушылар арасында танымал еді.

Әртістер бұрын бірге жұмыс істеп, бірнеше бірлескен трек шығарып үлгерген. Сол әнді жеке орындауға не себеп болғаны осы уақытқа дейін жұмбақ еді. Алайда қаңтар айының ортасында SOLAI Youtube-жобасына берген сұхбатында Argonya мәселенің мән-жайын айтты.

"Қайрат екеуміз төрт ән жаздық. Оның бір рыбасы болды (әннің алдын-ала нұсқасы - еск.), ол маған көрсетті. Мен оған мәтін жаздым, тұжырымдамасын жасадым. Менен сұрамай өзі шырқады. Мен бұл әнді сыйлаймын дедім. Әрине, Қайрат та көп нәрсе қосты. Бірақ мәтіні жазылған соң ғана жақсы туынды болды. Ал мәтін, тұжырымдама мен драматургия болған кезде ол әнге айналады, ол туындыға айналады", - деді ол жобаның жүргізушісі Абылай Алатаевқа.

"Содан кейін ол жаңа "Сен сүйем" трегінің екінші рыбасын жіберді. Мен бұл әннің қайырмасы мен тұжырымдамасын құрастырамын. Содан кейін Қайратқа бұрын ол біздің бірлескен трегімізді жазып қойғанын айтып, одан: "Осы әнді мен айтайын?" дедім. Мен бәрін жасадым, бәрін жаздым. Бірақ Қайрат үнсіз қалды да, менің хабарламама жауап бермей, 1-2 күннен кейін аранжировка жасап, әнді жазып, stories-ке салды. Ол мені елемеген соң өзім шешім қабылдадым", - деп қосты Argonya.

Әртістің директоры Абай Мұсырманқұлов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазіргі уақытта өнерпаздар арасында келіспеушілік жоғын айтты. Оның айтуынша, қос әнші де бірігіп жұмыс істеп жүр және жақын арада өз тыңдаушыларын жаңа шығармалармен қуантуға дайын.

"Сені сүйем" композициясы Қайрат Нұртаспен бірге жасалып, екі нұсқада орындалды. Қайрат Нұртас аты аңызға айналған әртіс және Argonya-ның оған деген ешқандай талабы жоқ. Әртістер аудиторияның таңдауына қарай әртүрлі орындады. Музыканттардың бір-біріне деген реніші жоқ, олар өте жақсы дос. Олар бір-бірін жақсы құрметтейді", - деп атап өтті Мұсырманқұлов.

"Сұхбат өткен жылдың қараша айында түсірілген, Argonya эмоцияға беріліп айтқан шығар. Ал "Сені сүйем" әндері қазан айының басында шыққан", - деді директор.

Айта кетейік, Tengrinews.kz редакциясы Қайрат Нұртастың директоры Мира Келімбетоваға жүгінген еді. Алайда ол журналистің жағдайға түсініктеме беру туралы өтінішін елемеді.

Қайрат Нұртас 15 жылдан астам уақыт бойы өнер көрсетіп келеді. Ол алғаш рет 2006 жылы "Арман" әніне клип түсіріп, шығарған кезде танымал болды. Әнші әртүрлі музыкалық марапаттарды жеңіп алды, өзінің Kairat Nurtas Production продюсерлік орталығы бар. Сондай-ақ, 31 жастағы өнерпаз өзінің KN атты журналын шығарады және өз брендінің атақты киім дүкенін ашқан. 2013 жылы Қайрат Нұртас "Forbes Қазақстан" журналының нұсқасы бойынша қазақстандық шоу-бизнестің ең сұранысқа ие жұлдыздарының рейтингінде көш бастаған.

28 жастағы Арғын Асаубаев Argonya лақапатымен 2019 жылдың күзінде көпшілікке танымал болды. Сол кезде YouTube-те "Қарапайым Қайрат" ситкомы шығып, оған саундтрегін Асаубаев жазған еді. Әртіс Айқын Төлепберген, Қайрат Нұртас, Данияр Жұмаділов және басқа да қазақстандық орындаушылардың дуэт жазып үлгерді.