10 шіл, 2024 сағат 13:03

Ардақ Амангелдиев Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды


Фото: primeminister.kz
9 шілдеде Ардақ Амангелдиев Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Ардақ Амангелдіұлы Амангелдиев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды", делінген Үкіметтің хабарламасында.


Ол 1975 жылы дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ Ли Куан Ю атындағы мектеп пен Д. Кеннеди атындағы Гарвард мектебінің бірлескен шеберлік бағдарламасын (мемлекеттік басқару бойынша магистр) оқыған.