Әр бала мектеп бітіргенде қазақ тілінде сөйлейтіндей жағдай жасауымыз керек Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елімізде 5 644 ұйым балаларды мемлекеттік тілде оқытады. Шамамен 3,8 мың қазақ мектебі жұмыс істеп тұр. Бұған қоса, орыс тілі мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар қолданылатын тіл болып қала береді. Конституцияда солай жазылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ әдебиетінің шығармалары БҰҰ-ға мүше елдердің 6 тіліне аударылды. Біз мұны алғаш рет қазақ әдебиеті мен мәдениеті бүкіл әлемде танымал болуы үшін жасадық. Ғылымның жетекші салаларындағы алдыңғы қатарлы еңбектерді қазақ тіліне аудардық. Бұл жұмыс жалғасып та жатыр. Біздің жоғары оқу орындарымыз физика, химия және өзге де ғылымдар бойынша ағылшын тіліндегі оқулықтар жайында алғаш рет білді. Қазақ поэзиясы антологиясының тұсаукесері әлемдік мәдениет астаналарында өткізілді», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.
Елбасы бейбітшілік, келісім және бірлік мемлекеттік саясаттың басты басымдығы болғанын және солай болып та қала беретіндігін баса айтты.
«Сондықтан да дәл осы құндылықтардың арқасында біз дамып, елімізді байытамыз, адамдарымыз үшін жақсы өмірге жағдай жасаймыз. Бұл этносаралық қозғалыс саласындағы түбегейлі ұстаным және ол өзгермейді. Ассамблея барлық этностарды біздің ортақ қазақстандық құндылықтарымыздың төңірегіне топтастыру үшін жұмыс істеуі керек. Қазақ тілінің біріктіруші факторға айналуына, еліміздің халқының бірлігін мұнан ары да нығайтуға әлеуеті бар. Ол этносаралық қарым-қатынас тіліне айналуы үшін кеңең-кезеңімен аясын кеңейтіп, оны оқитын адамдардың санын арттыру қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
ҚР Тұңғыш Президентінің дерегінше, елімізде қазақ тіліне тегін оқытатын 90 орталық жұмыс істеп тұр.
«Жұмсартып айтқанда, олардың тиімділігіне қатысты әділ сауалдар туындайды. Сондықтан Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктері мемлекеттік тілді меңгеру жүйесінің тиімділігін барынша арттыруы керек. Біз әрбір бала мектеп бітіргеннен кейін қазақ тілін меңгеріп, оқи, жаза және сөйлей алатындай жағдай жасауымыз керек. Бұл оларға мемлекеттік қызметтің барлық саласында, экономикада және басқа да қызметте жұмыс істеуіне мүмкіндік береді», - деді Елбасы.