24 мам, 2021 сағат 12:18

Апта ішінде еліміздің аумағында 3 306 қылмыс тіркелді


Бір апта ішінде еліміздің аумағында 3 306 қылмыс тіркелді. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бір апта ішінде 3 306 қылмыс жасалды. Оның 2 272-сі тәулік ішінде ашылды», - деді ресми өкіл Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Нұрділдә Ораздың дерегінше, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 9 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 40 тонау және 558 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты.