Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы, 80 жастағы Пеле коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын салдырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ESPN телеарнасы.
«Бүгін - ұмытылмас күн. Маған екпе жасады. Пандемия әлі біткен жоқ. Біз көп адамға екпе жасағанға дейін өзге жандардың өмірі үшін ережені сақтауымыз керек», - деп жазды Пеле әлеуметтік желіге.
Қазіргі таңда Бразилия тұрғындарының 4%-ы ғана коронавирусқа қарсы екпе алды.