Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Мадридте ITF W60 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Тихоновамен бірге финалда қытайлық Лу Цзя Цинь – жапониялық Ю Сяодимен бас жүлдені сарапқа салды.
Данилина мен Тихонова бірінші партияда 6:4 есебімен басымдылық көрсетті.
Екінші сетте де қазақстандық-ресейлік жұп шебер ойнады – 6:2.
Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.
Осылайша, Анна Данилина өзінің спорттық жолында жұптық сында 26-ыншы титулына қол жеткізді. Соның 25-ін Халықаралық теннис федерациясы (ITF) аясында өткен жарыстарда жеңіп алса, біреуін биылғы қаңтарда бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Сидней WTA 250 турнирінде олжалады.