14 қаң, 2023 сағат 16:14

Андрей Лукин Сенат депутаты болып сайланды

Фото: senate.parlam.kz

Орталық сайлау комиссиясында шығып қалған депутаттың орнына Астанадан Парламент Сенаты депутатын сайлауда дауыс берудің алдын ала нәтижесі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

Астана сайлау комиссиясы ұсынған алдын ала деректерге сәйкес, Парламент Сенаты депутаттығына кандидат Андрей Лукин ең көп дауыс жинаған - 65,5 пайыз.

31 сайлаушының 29-ы дауыс берді.

Сенат депутаты Андрей Лукин 2019 жылғы тамыздан бастап конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде қызмет етті.

Еске салайық, 13 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат депутаты Андрей Лукиннің өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады.