Қазақстан президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың Қарағанды облыстық штабының үгіт-насихат тобы Кеншілер мәдениет сарайы алдында флешмоб өткізді. Бұл жөнінде кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.
20-ға жуық белсенді парақшаларды, үгіт материалдарын таратып, қала тұрғындарына үміткердің сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Одан бөлек, штабта халықты қабылдау күні өтті. Тұрғындар кандидаттың сайлауалды платформасының бағыттарына қызығушылық танытты. Олар сондай-ақ осы құжатты толықтыру туралы өз ұсыныстарын білдірді.