Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосанов Қостанай облысының Затобол кентінде кездесу өткізді, деп хабарлайды кандидаттың баспасөз қызметі.
Әміржан Қосанов «Заречное ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Мекеме бидай, рапс, сұлы, арпа және басқа да дәнді дақылдардың құнды тұқымдарын өсірумен айналысады.
Кандидат ұжымға өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Сайлаушылар тарапынан сайлаудағы бақылаушылар тақырыбы бойынша сауал көтерілді, түрлі қоғамдық мәселелер бойынша пікірлер айтылды.