„Өткен түні боксшы Василий Левиттің алтын медалі ұрланып қойғандықтан, біз оның жеңісі үшін ақша төлей бастадық" деп жазды олар Твиттердегі жазбасында.
Осылайша ағылшын букмекерлік кеңсесі Риодағы Олимпиадада әділетсіздікке ұшыраған Қазақстан боксшысына ашық қолдау білдірді.
Еске сала кетелік, Риода кеше ауыр салмақта шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Василий Левит өз қарсыласын үш раунд бойына сабап отырды. Тіпті, жарақат алған ресейлік боксшы Евгений Тищенкоға медициналық көмек те көрсетілді. Бірақ соған қарамастан жеңісті Тищенко алып кетті. Мұндай ашық бассыздыққа залдағылар төзбей, көпке дейін уілдеп-гуілдеп жатты.
Бұл жекпе-жекке төрелік жасаған қазылар шешіміне қатысты халықаралық баспасөз бен бокс саласының сарапшылары да күмән келтірді.
Олардың ішінде РФ құрамасының бапкері Эдуард Кравцов, аргентиналық кәсіби-боксшы Серхио Мартинес, ESPN халықаралық телеарнаның шолушысы Дэн Рафаель, FightNights.com сайты, ирландық бокшы Tommy McCarthy де бар.