23 қыр, 2025 сағат 10:43

Amazon Қазақстанды өңірлік спутниктік хабқа айналдыруға ниетті

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amazon компаниясының аға вице-президенті, жаһандық және құқықтық мәселелер жөніндегі бас директоры Дэвид Запольскимен кездесті, деп хабарлайды Ult.kz.

Кездесуде цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Amazon мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, сондай-ақ «Қазақтелеком» арасындағы бірлескен жобаларға қолдау білдірді.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

  • Қазақстан аумағында жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз ету;

  • киберқауіпсіздікті күшейту;

  • Қазақстанды өңірлік спутниктік байланыстың хабына айналдыру.

Президенттің Нью-Йоркке сапары аясында «Қазақтелеком» мен Amazon Kuiper компаниясы дистрибьюторлық келісімге қол қойды. Жобаға шамамен 200 миллион доллар инвестиция салынып, Алматы, Ақкөл және Ақтау қалаларында жерүсті инфрақұрылым жасақталмақ.

Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық өңірлерді заманауи телекоммуникация қызметімен қамтуға бағытталған.