28 нау, 2023 сағат 10:49

Зайытов, Сарым, Толықбай: Amanat партиясынан Мәжіліске кімдер өтті?

сурет ашық дереккөзден алынды

«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды. 

Еске сала кетейік, партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді.