11 там, 2021 сағат 11:38

Алтын валюта резервтері 35 млрд АҚШ долларын құрады - Ерболат Досаев


Жалпы халықаралық резервтер 91,9 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алтын валюта резервтері айдың басынан бері аздап төмендеп, биылғы шілдеде 35 млрд АҚШ доллары болды. Алтын портфелі негізінен алтын құнының айлық өсуі нәтижесінде 960 млн АҚШ долларына өсті. Еркін айырбасталатын валютадағы активтер негізінен екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік шоттары мен шетел валютасындағы депозиттерінің 655 млн АҚШ долларына төмендеуі және 126 млн АҚШ долларына мемлекеттік борышты төлеу есебінен өзгерді», - деді Досаев. 

Оның айтуынша, жалпы алғанда, жалпы халықаралық резервтер бір айда 500 млн АҚШ долларына азайып, 91,9 млрд АҚШ долларын құрады. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық қордың активтері бір айда 450 млн АҚШ долларына төмендеп, биылғы жылғы шілденің соңында 56,9 млрд АҚШ долларын құрады.