19 қыр, 2023 сағат 15:27

Алтын медаль жеңіп алған Ризабек Айтмұханға қанша сыйақы беріледі?

Фото: uww.org

Туризм және спорт министрлігі еркін күрестен Қазақстан тарихында алғаш рет алтын медаль жеңіп алған Ризабек Айтмұханның сыйақысын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомство баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Ризабектің өзіне 15 мың доллар табысталады.

«15 мың АҚШ долларын (қазіргі курспен 7 млн теңге) Ризабек алады. Оған қоса тағы 15 мың долларды жаттықтырушылары алады. Бұл ақшаны пайыздық қатысушылық деген бар, соған қарай жаттықтырушылар өзара бөліп алады», - деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева.

Айта кетейік, Сербияда өткен әлем чемпионатында еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Финалда жерлесіміз әзірбайжандық Осман Нұрмағамедовты тізе бүктірді.

Сондай-ақ Президент Тоқаев палуанымызға өз құттықтауын жолдады.