15 ақп, 2023 сағат 14:53

Алмазбек Атамбаев Дубайға ұшып кетті


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Дубайға ұшып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, экс-президенттің қасында ұлы Қадырбек бар. Олар Бішкектен сағат 6:34-те ұшқан.

Алмазбек Атамбаев Дубайдан Испанияға емделуге аттанбақ.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан Республикасының экс-президенті бостандыққа шыққанын хабарлаған едік. Оған Бішкек қаласы Первомай аудандық сотының шешімімен емделу үшін шет елге шығуға рұқсат берілді.

Алмазбек Атамбаев 2020 жылғы маусымда 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол Бішкек маңындағы колонияда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыппен 16 жыл 8 айға сотталған қылмыс әлемінің авторитеті Азиз Батукаевтың мерзімінен бұрын түрмеден шығуына көмектесті деген айыппен сотталды.