07 қыр, 2020 сағат 12:50

Алматының «ВВВ» кредиттік рейтингі расталды

Fitch Ratings Халықаралық рейтинг агенттігі өткен жылы Алматыға берген «ВВВ» «тұрақты» рейтингін растады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл Алматы қаласының мәжбүрлі карантин шараларына қарамастан, тұрақты кредиттік төлем қабілетін көрсетеді. 

Бұл бағалау ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін қала экономикасына ірі ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін жақсы көрсеткіш болып табылады. Алматының кредиттік рейтингі халықаралық инвестициялық қауымдастықтың назарын аудару мақсатында Fitch Ratings бағаланатын жетекші әлемдік қалалар рейтингтерінің тізіміне енгізілген. 

Дүниежүзілік Банктің құрамындағы (IFC) Халықаралық қаржы корпорациясы Алматы инфрақұрылымына келешекте ұзақ мерзімді капитал мен инвестицияны көбейтуге қол жеткізу үшін кредиттік рейтингті тағайындауға және растауға тікелей қатысып отыр.