Фото: сәулетші сызбасы
Алматы қаласының дамуы бүгінде полицентристік дамуға көшті. Бұл әрбір тұрғынға тұрғылықты жеріне қарамастан жайлылық пен мүмкіндіктер береді. Бұл туралы INK Architects сәулетшілер тобының жетекшісі, Британдық сәулетшілер корольдік институтының (RIBA) жарғылық мүшесі, Американдық сәулетшілер институтының (AIA) халықаралық қауымдастырылған мүшесі Құралай Есмұханова Ult.kz тілшісіне айтып берді.
Сәулетшінің айтуынша, полицентрлер құру Алматының іскерлік және тарихи орталықтарын босатып қана қоймай, сонымен қатар шеткі аудандардың жергілікті тұрғындар үшін барлық қажетті әлеуметтік инфрақұрылымды, жаңа қоғамдық кеңістіктерді, оның ішінде үлкен саябақтарда салуға мүмкіндік береді, кеңсе және коммерциялық алаңдарды, қонақүйлерді жобалау есебінен жеткілікті жұмыс орындарының пайда болуына негіз болады.
«Бұл тұрақты, жанды үрдіс екенін түсіну маңызды. Бас жоспар – бұл қатып қалған сызба емес, уақыт өте келе жетілдірілетін және бейімделетін икемді стратегия. Жұмыс орындары санын арттыру үшін, ауданның өзінде жұмыспен қамтуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қаланың көрші бөліктерінің тұрғындарына бос жұмыс орындарын ұсыну үшін жаңа орталықтарда кеңсе және коммерциялық кеңістіктердің санын көбейту міндеті қойылды. Сонымен қатар, жаңа қонақүйлерді жобалауға бастама жасалды, бұл осы аудандарға іскерлік белсенділікті тартуға және оларды қала тұрғындары үшін де, қала қонақтары үшін де тарту нүктесіне айналдыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Құралай Есмұханова.
Сәулетші түсіндіргендей, тарихи тұрғыдан Алматы кеңестік үлгі бойынша нақты функционалды аймақтарға бөліне отырып дамыды. Осылайша, өнеркәсіптік аймақтар, жатын аудандар мен әкімшілік-мәдени орталық жеке, оқшау болды. Мұндай жүйе жоспарланған экономика үшін қисынды болды, бірақ нарықтық қатынастар жағдайында ол маятниктік көші-қон, көлік жүктемесінің өсуі және аудандардың біркелкі емес дамуы сынды жаңа қиындықтарға әкелді.
Фото: сәулетші сызбасы
«Сонымен бірге, кеңестік тәсіл бізге бүгінгі күнге дейін қолданып жүрген құнды мұраны қалдырды. Бұл шағын аудандарда мектептерге, балабақшалар мен емханаларға қадамдық қолжетімділік қағидаты және бүгінгі таңда BRT және LRT сияқты заманауи, көлікке қатысты шешімдерді біріктіруге мүмкіндік беретін жеткілікті кең даңғылдар. Бүгінгі міндет – өткеннің ең жақсысын алу және қала құрылымын заманауи шындыққа бейімдеу», – дейді Құралай Есмұханова.
Оның сөзінше, INK Architects-те әзірлеушілері, қала әкімдігі және бизнеспен бірлесе отырып, қаланың «Шығыс қақпасы» және «батыс қақпасы» тұжырымдамаларымен жұмыс істейді.
«Біздің міндетіміз – ғимараттар салу ғана емес, толыққанды, жанды, қалалық ортаны жобалау. Біз осы жобалардың негізіне егжей-тегжейлі шешімдерді қалаймыз», – деп атап өтті сәулетші.
Сонымен қатар, сәулетші жаңа полиорталықтардағы әлеуметтік инфрақұрылым болашақ тұрғындардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете отырып жобалануып жатыр. Атап айтқанда, жаңа мектептер мен балабақшалар бұрыннан барларын шамадан тыс жүктемеуге мүмкіндік береді.
«Алматының полиорталықтарының жобаларында қоғамдық кеңістіктерге де көп көңіл бөлінеді. Екі орталықта да сапасы мен толтырылуы жағынан үздік орталық саябақтардан кем түспейтін үлкен саябақ аймақтары қарастырылған. Оларға демалу үшін барлық қажетті инфрақұрылым салынып жатыр. Түрлі жастағы балаларға арналған заманауи ойын алаңдары, скейт-парктер, воркаут-аймақтар және спорт алаңдары бар», – деп атап өтті Құралай Есмұханова.
Сәулетшінің сөзінше, мамандар шамадан тыс маятниктік көші-қонды тудырмайтын, бірақ тұрғылықты жерде өмір сүрудің жоғары сапасын ұсынатын өзін-өзі қамтамасыз ететін аймақтарды құруға тырысады.
Ақбота Мұсабекқызы