- Бүгін түнде, сағат 01:30-да Амстердам-Алматы рейсімен Олимпиада жүлдегерлері Елдос Сметов пен Отгонцецэг Галбадрах оңтүстік астанамыздың әуежайына қонды.
Спортшыларды VIP-терминал арқылы жүлдегерлердің ата-анасы, достары, БАҚ және қалалық әкімдіктің өкілдері күтіп алды.
«Ұлымның жеңісіне қуаныштымын. Бұл үздіксіз жаттығу мен бапкерлердің еңбегінің арқасы. Елдос 6 жасынан спортпен айналысып келеді. Олимпиадаға қатысу оның арманы болды», - деді Елдостың әкесі Бақтыбай Сметов.
Олимпиаданың қола жүлдегері Галбадрах Отгонцецэг те барлығына алғыс айтты.