Алматыда карантин кезеңінде 75 мың шағын және орта бизнес субъектісі 23,5 млрд теңгеге салық жеңілдіктерін пайдаланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Карантин және коронавирустық эпидемиологиялық жағдайдың өршуі кезінде бірқатар кәсіпкерлер қиындыққа ұшырап, шығынға батты. Осыған байланысты, Алматыда пандемия кезінде шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шаралары қабылданды - салық, жалдау ақысы мен несиелік төлемдер кейінге қалдыру, қаржылық қолдау көрсету, пайыздық мөлшерлеме төмендету және өндіріс алаңдары беру сынды шаралар әлі де жалғасуда.
Барлығы 74,769 шағын және орта бизнес субъектілері 23,5 млрд.теңге мөлшеріндегі салықтық жеңілдіктерді пайдаланған, оның ішінде:
- еңбекақы қорынан алынатын салық бойынша - 14 мың теңгеге 24 мың субъект (6 айда - 21,6 мың шағын және орта кәсіпкерлік (ШОБ), 3 айда - 2,4 мың ірі кәсіпкерлік субъектілері);
- жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша - 8 млрд теңгеге 50 мың ШОБ (3 жылға микро және шағын бизнес);
- мүлік салығы - 769 субъект (692 - ШОБ, 77 - ірі кәсіпкерлік) 1,5 млрд теңге.
Несиелер бойынша кейінге қалдырулар 127,3 млрд теңгеге 360 мың несиеге берілді, оның ішінде ШОБ - 7294 теңгеге 2 889 несиеге:
- 16 наурыз бен 15 маусым аралығында - 408 млрд теңгеге 1 588;
-16 маусым мен 24 тамыз аралығында - 321 теңге сомасына 1301.
Үй-жайларды жалға алу төлемінен босату 1,6 мың кәсіпкерге 376 млн теңге сомасына берілді.
«Бір орталық» қағидаты негізінде кең ауқымды консультациялық қызметтер көрсететін Qoldaý кәсіпкерлік орталығы жұмысын жалғастыруда. Барлығы 2019 жылдың қыркүйегінен бастап 2021 жылдың ақпанына дейін мына қызметтер тегін ұсынылды:
- 100 мыңнан астам кеңес беру қызметі;
- құны 42 миллиард теңгеден асатын 75 бизнес-жобаны қаржыландыруға қолдау көрсетілді;
- 500-ге жуық бизнес-жоспар құрылды;
- 606 рұқсат алу құжаттарын алуға қолдау көрсетілді.
8 мыңнан астам студент кәсіпкерлік негіздеріне және Qoldaý start және Qoldaý жүйелік бағдарламалары бойынша салалық курстарға оқытылды.
Қаржылық емес қолдау шеңберінде алматылық кәсіпкерлерді, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды және өз істерімен айналысуды жоспарлап отырған жастарды ақпараттық қолдау үшін құрылған «Almaty Business» тегін білім беру платформасы әзірленді және іске қосылды. Бұл платформада 110 мыңнан астам адам тіркелген.
2021 жылы 4 бағыт бойынша қосымша шаралар кешені қалыптасты: бизнеске жүктемені азайту, қаржыландыруға, сұранысқа ие нарықтарға және жоғары сапалы адам ресурстарына қол жетімділікті кеңейту. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлер жылдық 6% -бен 22 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады.
«Аlmaty Business» өңірлік бағдарламасына сәйкес, Алматыда тіркелген және жұмыс істейтін шағын және орта бизнес кәсіпкерлері жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесімен несие ала алады.
Сонымен қатар, «Almaty Business-2025» кешенді бағдарламасы шеңберіндегі дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7% -дан 6% -ға дейін төмендетілді, ең жоғарғы сома 300 млн теңгеден 500 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.