28 қаз, 2016 сағат 07:43

Алматыдан 348 шақырым қашықтықта жер сілкінді

 

- «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалары 28 қазанда Алматы уақытымен 06 сағат 19 минут 19 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 348 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық қуаты - 8,7. Тербелісі - 3,2, тереңдігі - 5 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.