#
#
Жексенбі 11/04/2021

Алматыдағы түрмеден қашқан адам Ақтөбеде қолға түсті

  • 01.03.2021
  • 0
  • 578

Алматыдағы бас бостандығынан айыру орындарының бірінен қашып шыққан адам Ақтөбеде қолға түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Алматы қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің өкілдері 15 ақпан күні Алматыдағы ЛА-155/18 мекемесінен қашып кеткен Д.Т.Давутовты ұстау бойынша жүргізген жедел-іздестіру шарасын сәтті аяқтады. Іздеу жарияланған адам Ақтөбеде қолға түсті», - делінген хабарламада. 

Аталған оқиға бойынша, Алматы қалалық Полиция департаменті тарапынан ҚР Қылмыстық Кодексінің 426 бабы (Бас бостандығынан айыру орнынан қашу) негізінде сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар ҚАЖ комитеті тарапынан жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесі бойынша, бірқатар кемшілік жіберген қызметкерлер әкімшілік жауапқа тартылды. 

Айта кететін мәселе, ер адам бұрын бінеше мәрте сотталған. Соңғы рет ұрлық және алаяқтық әрекеті үшін 6 жылға сотталған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар