Алматыда қасақана қарсы жолаққа шыққан жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Горный көшесіндегі заңбұзушылықтың видеосын куәгерлер әлеуметтік желіде жариялады. Оған полиция да назар аударып, видеоны Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-да бөлісті.
Көп ұзамай Toyota Camry автокөлігін жүргізген жүргізушісінің жеке басы анықталды. Ол 2002 жылы туған жас жігіт болып шықты.
"Оның іс-әрекетінде ҚР ҚК 230-бабы, 2, 601-б., 2, 595-Б., 1 және 596-Б., 3-б. көзделген ҚР ЖҚЕ бірден бірнеше өрескел бұзушылық белгілері анықталды. Тиісті әкімшілік материалдар жиналып, сотқа қарау үшін жіберіледі", - деп жазды Алматы ПД бастығының орынбасары.
Ұсталған адам басқа жүргізушілерге қауіп төндіргені үшін, қала тұрғындарынан көпшілік алдында кешірім сұрады.
923 рет оқылды