08 жел, 2021 сағат 12:31

Алматыда жас жігітті соққыға жыққан адам ұсталды


Алматыда жас жігітті соққыға жыққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінде оқиға 5 желтоқсанда Ақбұлақ ықшамауданында болғанын еске салды. 

«Көліктің тұрақ орны үшін туындаған ерегісте 39 жастағы жергілікті тұрғын қарсыласына ауыр дене жарақаттарын салды. Оқиға ҚР ҚК-нің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмысты ашу, оның мән-жайын анықтау және кінәліні жауапқа тарту мақсатында Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінде арнайы жедел тергеу тобы құрылды», - деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков. 

Күдікті анықталып, ұсталды. Ол - 1982 жылы туған П. есімді азамат. Ер адам қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.