Алматыда банкомат тонаумен айналысты деген күдікпен 4 сдам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғанындай, ұрылар қылмыстық әрекеттерін түнде істейтін болған. Олар банктердің терминалдарын бұзып, кассетаны шығарып, ақшаны алған алған соң, ұяшықты қайтадан орнынан салып кететін болған.
«Күдіктілер қолға түсті. Олар төртеу. Олар өздерінің соңғы «жорықтары» барысында терминалдан 160 мың теңгеден астам ақшаны алып кеткен. Тергеу барысында күдіктілер өздерінің 4 банкоматты тонағанын айтқан. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша тергелуде. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.