15 қаң, 2022 сағат 19:16

Алматыда ұрланған техниканы сатпақ болған атыраулық азамат ұсталды


Алматыда дүкен тонаған күдіктіні Наурызбай аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 жастағы Т. есімді азамат Тимирязев көшесіндегі «Белый ветер» дүкенінен ұрлаған техниканы сатуға қойған. 

Полиция мәліметінше, қаскөй өзінің уақытша тұрғылықты жерінде ұсталды. Оның үйінен 7 ноутбук, 12 ұялы телефон, 3 флеш-карта, 2 колонка, 2 жұп құлаққап, ұялы телефонға арналған аксессуарлар, көзілдіріктің жиектері табылып, тәркіленді.

«Жауап алу барысында күдікті жоғарыда аталған заттарды жаппай тәртіпсіздік кезінде техника дүкенінен ұрлағанын мойындады. 

Қылмыстық іс ары қарай тергеу үшін Бостандық аудандық полиция басқармасына жіберілді.

Қылмыстың сыбайластары анықталуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді полиция басқармасында.