Алматыда түнде дрифт жасаған жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Әлеуметтік желіде түнгі уақытта қатты жылдамдықпен қауіпті маневрлер жасаған видео пайда болды.
Жергілікті полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерден жол қозғалысы ережелері мен азаматтардың тыныштығын өрескел бұзу дерегі түсірілген видеодағы құқық бұзушыны анықтап, оны жауапқа тартты.
«Бұл 1999 жылы туған Шамиль Жұмфаев болып шықты. Ол метро бекетінің алдындағы аймақта, Абай даңғылы мен Брусиловский көшесінің қиылысында «BMW» маркалы автокөлікпен заң бұзушылық жасаған. Бұл жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін нақты қауіп төндірген әрекет болды. Тексеру кезінде де Жұмфаевтың жол жүру ережелерін, оның ішінде жылдамдықты жиі бұзатындығы анықталды. Оның жалпы сомасы 197 727 теңгеге тоғыз жол ережесін бұзғаны үшін қарызы бар», - дейді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 630-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.