10 қар, 2020 сағат 10:40

Алматыда тәркіленген 230-дан астам ойын терминалы жойылды

ҚР Қаржы мониторинг комитетінің Алматы қаласын бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қалалық сот орындаушылармен бірлесе отырып, қылмыстық істер бойынша тәркіленген ойын терминалдарын жою шарасын өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шара барысында Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топпен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 6 азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша соттың үкіміне сәйкес 230-дан аса ойын терминалы жойылды. 

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департамент қызметкерлері мегополис аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың заңсыз іс-әркеттері дәлелдеген болатын. 

Олар 2 заңсыз ойын залын ашып, 60 тан аса ойын орындарында терминалдарды (дүкендерде, көлік жуу орындардында, компьютер клубтарында, базарларда) орнатқан. Сондай-ақ, ойын терминалдарын жасап келген қоймалар анықталған болатын. 

Іс бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған сотының үкімімен ҚР ҚК 307-б. 3-бөлігі (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру), 262-б. 1,2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару), 367-б. 4-бөлігі (қылмыстық топпен пара беру) деректері бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.