13 қар, 2025 сағат 16:01

Алматыда тапаншасы бар белгісіз адам қызды аңдыған

 
Фото: Видеодан скриншот
Темирязев көшесімен дәріханаға бара жатқан қызға белгісіз ер адам тиісіп, соңынан ере бастаған. Бұл туралы қыздың өзі баяндаған, деп хабарлайды Ult.kz Jagdai kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Қыздың айтуынша белгісіз ер адамнан қорыққан қыз, жақын маңдағы бутикке кіріп жасырынған, ал ер адам пистолет шығарып сыртта күтіп тұрған.

«Менің денем тіпті дірілдеп кетті», – деп жазды ол.

Полиция оқиға орнына келгенімен, тек ескерту жүргізіп, ер адамды жіберген.