Фото: ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде бес шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актінің алдын алғанын хабарлады. Қазіргі таңда олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Сонымен қатар қыркүйек-қазан айларында терроризмді насихаттады деген күдікпен 8 қазақстандыққа қатысты қылмыстық істер қозғалып, олар да қамауға алынған.
ҰҚК мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу деректері жария етілмейді.
Жалпы, биылдың басынан бері терроризм мен экстремизмге қатысты істер бойынша 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның алтауы — шетел азаматы.
