04 мам, 2021 сағат 13:40

Алматыда самокат жүргізушісі төрт жасар баланы қағып кетті


Алматыда тротуарда самокат айдап кетіп бара жатқан қыз бен жігіт төрт жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Видео әлеуметтік желіде пайда болды. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2 мамыр күні Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында болған.

Көп ұзамай полиция кінәліні анықтады. Ол 24 жастағы Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны болып шықты.

«Ер адам кінәсін бірден мойындады, ол жауапкершіліктен қорқып, баланы қағып кеткен соң қашып кеткенін айтты. Самокат жүргізушісі жанында қызы болғанын айтты. Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 2-бөлігі «Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал келтiрген әрекет» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.