10 там, 2022 сағат 14:14

Алматыда пәтер жалдау бағасы күрт қымбаттады


Алматыда жалдамалы пәтерлер бағасы шарықтай бастады. Маусым басымен салыстырғанда, тамыздың екінші аптасында пәтер жалдау 15 пайызға көтерілген, деп хабарлайды Krisha.kz сайтына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz

Сайт мәліметінше, екі бөлмелі пәтерлердің бағасы айтарлықтай өскен. Тамызда екі бөлмелі пәтерді жалдау құны 25 пайызға көтерілді. 1 бөлмелі пәтерлерді жалдау 7 пайызға, 3 бөлмелі пәтерлерді жалға алу 14 пайызға жоғарылады. 

9 тамыздағы ақпарат бойынша, Алматыда 1 шаршы метрді жалға алу құны 4900 теңгеге жетті. 

Krisha.kz дерегіне сүйенсек, тұрғын үй кешендерінде пәтер жалдау қымбатқа түсуде. Себебі, мұнда үйдің аумағы үлкен әрі пәтердің іші жақсы жабдықталған. 

2015–2020 жылдары салынған тұрғын үйден пәтер жалдау құны: 

— 1 бөлме — 150 000 теңге

— 2 бөлме — 340 000 теңге

— 3 бөлме — 500 000 теңге

«Орта есеппен тамыз айында бір бөлмелі пәтер құны 10 мың теңгеге, екі бөлмелі пәтер бағасы 50 мың теңгеге, 3 бөлмелі пәтер 60 мың теңгеге қымбаттады», - деп қорытындылады сарапшылар.