06 жел, 2024 сағат 12:27

Алматыда орташа айлық жалақы қанша?

Фото:baq.kz
Инфляцияны есепке алғанда, Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1 пайызға өсіп, 470 мың теңге болды. Бұл туралы Алматы Экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәслихат сессиясында айттыдеді Өмірбаев өз баяндамасында, деп хабарлайды ult.kz.

Дастан Өмірбаев Алматы экономикасы динамикалық түрде дамып жатыр де есептейді. 

"Жоғары инвестициялық белсенділік пен экономиканың қарқынды өсуі 58,3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді, оның 80 пайызы – тұрақты жұмыс орындары. Соның нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға дейін төмендеді", – деген Өмірбаев қарашада жылдық инфляция 9 пайызға дейін баяулағанын да айтты.


Оның сөзінше 2024 жылдың аяғына қарай инфляцияның одан әрі 8,5 пайызға дейін, ал 2025 жылы 7,5 пайызға дейін төмендеуі күтіледі.

"Жалпы, Алматы экономикасының өсімі 2024 жылы 5,5 пайыз деңгейінде болады деп күтіледі. 2025 жылы экономиканың өсу қарқыны 6,4 пайызға дейін жеделдейді деп болжанған", – деді ол.