Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онколог-нейрохирургтары омыртқадағы ісікті алу бойынша жоғары технологиялық ота жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының хабарлауынша, 41 жастағы науқас онкологтарға арқасы қатты ауратынын айтып шағымданған. Бұған дейін, ол Алматыдағы түрлі ауруханаларға жүгінген, бірақ оған операцияны тек ҚазОжРҒЗИ жағдайында ғана жүргізуге болатынын айтқан.
«1980 жылғы әйелдің 3-ші омыртқасы ісікпен зақымданып, сынып, асқынған. Ісік процесі жұлынның тамырларын қысып тастаған, бұл пациент жүргенде қатты ауырсынады, сол себепті науқас ақсап жүрген. Үнемі ауырсынуды басатын дәрі ішкен. КТ-да біз омыртқаның толық зардап шеккенінін көрдік. Ісікті алып тастау және зақымдалған омыртқаны арнайы металл конструкция көмегімен қалпына келтіру үшін хирургиялық жолмен спондилодез жасау туралы шешім қабылданды», – деді ҚазОжРҒЗИ нейроонкология орталығының нейроонколог - хирургы Айдар Ысқақов.
Дәрігердің айтуынша, спондилодез - бұл арнайы құралдарды қолданатын жоғары технологиялық операция. Хирургия рентген сәулесінің едәуір дозасын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
«Бірінші кезеңде омыртқаның қысылуын жою үшін транспедикулярлық бекітпе жасалды. Содан кейін омыртқаға арнайы бұрандылар орнатылды, олардың арасына титан құрылымы бекітілді. Мұның бәрі рентген бақылауымен, портативті рентген қондырғысының көмегімен жүзеге асырылды. Операция 3 сағатқа созылды» ,- деді ҚазОжРҒЗИ нейроонкология орталығының меңгерушісі Берік Исатаев.
Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсы. Дәргерлер оны үйіне шығаруға дайындап жатыр.
«Аталған жоғары технологиялық және қымбат тұратын спондилодез операциясы біздің институтта барлық пациенттер үшін қолжетімді. Ол үшін емдеуге жатқызу порталы арқылы жолдама алу қажет»,- дейді бөлім меңгерушісі.