31 там, 2021 сағат 22:30

Алматыда мониторинг тобы демалыс күні жасырын жұмыс істеген базарды анықтады


28 тамызда демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынғанына қарамастан «Барыс» базары ашық болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы Алмалы ауданының мониторинг тобы сенбі күні «Барыс» базарының жұмыс істегенін анықтады. 

Карантин талаптарын өрескел бұзған «Барыс» базарының иесіне қомақты көлемде айыппұл салынуы мүмкін, материалдар Алмалы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді. 

Айта кетерлігі, базарда маска режимі сақталмааған. Көптеген сатып алушы сауда аймағында бетпердесіз жүрген. 

Еске салайық, Алматыда демалыс күндері қоғамдық тамақтану (тек қана алып кету), сауда және ойын-сауық орталықтары, базарлар, сұлулық салондары мен фитнес-орталықтардың жұмысына карантиндік шектеулер енгізілген болатын.