12 там, 2021 сағат 17:32

Алматыда медбике інісімен бірге вакцина паспортын сатумен айналысқан


Алматыда інісімен бірге вакцина паспортын сатумен айналысқан медбике ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, туыстардың заңсыз әрекеттерін криминалдық полиция қызметкерлері жедел және арнайы іс-шара барысында анықтады.

«Біздің назарымызға бірінші болып 22 жастағы А. есімді азамат ілікті, ол ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген. Яғни әлеуетті клиенттер тауып, келіссөздер жүргізіп, төлемді электронды аударымдар арқылы қабылдаған. Ал техникалық жағын қаладағы емханалардың бірінде медбике болып жұмыс істейтін әпкесі өз мойнына алған. 25 жастағы М. есімді азамат өз кезегінде КВИ-ге қарсы егілгендердің мәліметтер базасына «клиенттердің» деректерін енгізді. Біз іс жүргізу тәртібімен М. есімді азаматтың жұмыс орнында рұқсатты іздеу жүргіздік. ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген қылмыстық іс материалдарына, кеңсе техникасын және профилактикалық егулерді тіркеу құжаттамасын тіркедік және тәркіледік», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. 

Екі айыпталушы да қылмыстық жауапқа тартылды.

Тергеуді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.