08 қыр, 2021 сағат 14:55

Алматыда қызды тонаған жігіт видеоға түсіп қалды


Алматыда қызды тонаған жігіт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, күдікті ұсталды. Ол - 22 жастағы Түркістан облысының тумасы.

«Күдікті қараңғыда бір қыздың соңына түсіп, ешкім жоқ жерде оған шабуыл жасап, ұялы телефонын тартып алған. Абырой болғанда, жәбірленуші зардап шеккен жоқ. Оның сөздерімен қылмыскердің болжамды бейнесін жасадық, бейнебақылау жүйелерін қарап шықтық. Қарасай батыр көшесіне орнатылған камералардың бірінде ұры өзінің жәбірленушісінің соңынан ерген сәті түсіп қалған. Бұл деректер тонау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен тергелген қылмыстық іс материалдарына тіркелді», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Оның айтуынша, қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.