Алматыда IV Baiqonyr International Short Film Festival қысқаметражды фильм режиссерлерінің арасындағы кинофестиваль мәресіне жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Алтай, Татарстан, Әзербайжан, Беларусь елдерінің режиссерлері байқауда 5 күн бойы бақ сынады.
«Биыл жергілікті және халықаралық фестивальдерді біріктіруге тырыстық. Мысалы, «Ұшқын» мен Oberhausen International Short Film Festival фестивалінің бірігуі өзара тәжірибе алмасуда таптырмас мүмкіндік болды. Биыл біз негізінен студенттердің жұмысына ден қойдық. Себебі биыл жастар жылы деп жарияланған болатын», - деді фестивальдің бағдарламалық директоры Ержан Жұмабеков.
Бес күнге созылған байқауда
• Қазылардың арнайы жүлдесі – «Изгородь», Михаил Кулунаков (Республика Алтай);
• Үздік сценарий – «Видеорегистратор», Сара Кнар (Қазақстан);
• Үздік оператор – «Франка», Павел Скакун (Беларусь);
• Лучший актер – «Прощай», Саламат Нұрмамбетов пен Даниель Құрманалиев (Қырғызстан);
• Үздік режиссер – «51+», Данияр Абиров (Қырғызстан);
• Үздік фильм – «Прощай», Қараш Жанышов (Қырғызстан).
«Ұшқын» халықаралық кинофестивалінің өкілдері «Үздік студенттік фильм» жүлдесін Әлішер Жәдігеровтың «Қағаз тікұшақ» фильміне берді.
Сонымен қатар
• «Бродвей» таңдауы — «Домбыра», Рамазан Халиолла;
• Қазылардың ұлттық жүлдесі – «Дипломмен ауылға», Самғар Рахым;
• Үздік деректі фильм – «Хан биі», Рабиға Орынбасарова;
• Үздік қоюшы суретші – «Статус не свободен», Әсел Ұлжебаева;
• Үздік актер – «Шоқ», Санжар Мұстафа;
• Үздік актриса – «Қағаз тікұшақ», Лаура Жәдігер; «Жаздың салқын түні», Әнел Ислямова;
• Үздік оператор – «Бауыр», Айдос Сүлеймен;
• Үздік режиссёр – «Бауыр», Еламан Шаубанов;
Ал кинофестивальдің бас жүлдесі Әмір Аменовтың «Жаздың салқын түні» фильміне берілді.