26 сәу, 2021 сағат 16:14

Алматыда қылмыстық топ адамдарды пышақпен қорқытып, телефондарын тартып алған


Алматылық полицейлер қала орталығында адамдарды тонаумен айналысқан бір топ ер адамды ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қылмыстық топты 21 жастағы Алматы облысының тұрғыны басқарған. 

«Айыпталушылар қараңғыда, өтіп бара жатқан адамдарды пышақпен қорқытып, ұялы телефондары мен бағалы заттарын алып, кейін қаланың әртүрлі ломбардтарында сатқан. Күдіктілер жедел іс-шаралар жүргізу барысында ұсталды. Біз көрсетілген алаңдағы криминалдық полиция бөлімшесінің жұмысын, бірнеше күн ішінде жасалған екі ұқсас қылмысты талдау арқылы күшейттік. Тергеу аяқталғанға дейін жәбірленушілердің тізімі толығуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз: тоналған адамдар қандайда бір себептермен полицияға көмекке жүгінбеуі де мүмкін. Қылмыстың қаруы – пышақ тәркіленді», – деп хабарлады Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов. 

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.