Алматы қаласында бір тәулікте 3 631 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 9 маусым күні 3 631 алматылық вакцина салдырды.
Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 9 маусымы аралығында қалада барлығы 325 131 адамға екпе салынды. Оның ішінде 5 154 полиция қызметкері, 24 421 мұғалім, 29 634 медицина қызметкері бар.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер – 30 954.
Екпенің екі компонентін 210 620 адам алды.
Қалада 208 егу пункті жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пунктері жұмыс істейді.
«Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 55 424 дозасы және екінші компоненттің 111 195 дозасы бар» - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
