19 шіл, 2024 сағат 15:02

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру бағасы қымбаттайды


Фото:inbusiness.kz

Алматы қаласының мәслихаты қаладағы қоғамдық көлік тарифін 120 теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдады, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев бұл өсімнің қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарының бағасының өсуіне байланысты екенін атап өтті.

Телібаевтың айтуынша, тасымалдаушылардың нақты шығыны 310 теңгеден асса, кейбір маршруттарда 400 теңгеден асады. Осы себепті әкімдік әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялайды. Қабылданған шаралар 2024 жылы субсидиялар сомасын 7 миллиард теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл шара қала тұрғындарын сапалы, қауіпсіз және жайлы қоғамдық көлік қызметімен қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді.

Экологиялық таза көлікті көбейту мақсатында 2023 жылы 600 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алынды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алу жоспарланып отыр.