26 шіл, 2024 сағат 22:41

Алматыда халықаралық электроника және тұрмыстық техника көрмесі өтеді


Фото:telsglobal.kz

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы барлығын «HomeTech&Electra 2024» халықаралық электроника және тұрмыстық техника көрмесіне қатысуға шақырады.

Іс-шара 2024 жылдың 30 шілдесінен 1 тамызына дейін Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында өтеді.
«Атамекен» ҰКП ақпараттық серіктес бола отырып, барлық мүдделі қатысушыларды/экспоненттерді шақырады. Сіздің тәжірибеңіз бен қатысуыңыз кәсіпорындар арасында білім мен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ете отырып, іс-шараның сәтті өтуіне айтарлықтай ықпал етеді.

Көрмені халықаралық бизнес-іс-шараларға маманданған World Silk Way компаниясы ұйымдастырады. Компанияның миссиясы өзара тиімді серіктестікті дамыту және әртүрлі елдердің компаниялары арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар ашуға, өткізу нарықтарын кеңейтуге, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және пайданы ұлғайтуға жәрдемдесу болып табылады.
 
Бизнес үшін мүмкіндіктер:

1. Тікелей байланыс орнату және тиімді ұсыныстар алу, оның ішінде іскерлік байланыстар орнату және келісімшарттар жасау үшін В2В-сессияларға қатысу, сондай-ақ электроника мен тұрмыстық техниканың жетекші өндірушілерімен тікелей байланыс.

2. Өңірде бизнесті кеңейтуге мүдделі компаниялармен танысу, атап айтқанда: SAMSUNG, Hoffman, Toyin, Remax, Aisen, Tokit, Shanmu, Hengke Industrial, Linhai Electric, B E A R және басқалар. Сондай-ақ әлемдік көшбасшылардың жаңа өнімдерімен және технологияларымен танысу.

3. Көрме аясында түрлі іс-шараларға қатысу:
- Арнайы қонақтардың, ҚР және басқа елдердің уәкілетті органдарының қатысуымен өтетін форум;
- HomeTech&Electra көрмесі;
- Сатушылар мен сатып алушыларға арналған B2B сессиялары;
- Тауарлар жәрмеңкесі;
- Өз қызметтерін ұсынуға және бизнесті дамытуға көмектесуге дайын маркетплейстердегі сату мамандарының, брокерлер мен логистикалық компаниялардың презентациялары;
- HomeTech&Electra Innovation Awards 2024;
- Кедендік рәсімдеу және логистика бойынша семинарлар;
- Экспорт/импорт мәселелері бойынша мемлекеттік құрылымдармен және даму институттарымен өзара іс-қимыл бойынша консультациялар.