04 ақп, 2021 сағат 13:00

Алматыда карантин шараларын бұзған 22 нысан анықталды

Санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуына бақылауды күшейту аясында Алматыда мониторинг топтардың жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мониторингтік топтардың өкілдері ақпан айының 3 күні карантин шараларын бұзған 22 нысанды анықтады. Оның 7-уі заңды және 15 жеке тұлға. 

« Әуезов ауданында орналасқан «Мята» лаундж бар белгіленген уақыттан ұзақ жұмыс істеді. Бостандық ауданында «Империя» саунасы, Алмалы ауданында «Panda» мейрамханасына келушілердің саны шамадан тыс болған. Сонымен қатар, қызметкерлер қонақтарға бетпердесіз қызмет көрсеткен. Дәл сондай бұзушылық «Starbucks» кофеханасында да анықталды. Сондай-ақ, «Z bar and live music» бары, «Lotto» клубы карантин шараларын бұзған»,- делінген хабарламада.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті барлық тыйымдар мен санитариялық нормаларды сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынатынын ескертеді.