12 қаң, 2021 сағат 12:30

Алматыда карантин режимін бұзғандарға 107 млн теңге айыппұл салынды

Алматының мониторинг топтары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 18 заң бұзушылық бойынша материалдар сотқа берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

8 қазан мен 10 қаңтар аралығында 802 мониторинг шаралары жүргізілді, оның барысында 6720 нысан қамтылды. Соның нәтижесінде карантин шараларын бұзудың 1163 фактісі анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 107,7 млн теңгеге ҚР ӘҚБтК – нің 425-бабының 1-бөлігі шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін 1008 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды: заңды тұлғаларға -77,4 млн теңге айыппұл салынды; жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 30 млн теңге сомаға 727 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Жүйелі бұзушылықтар бойынша 18 материал сотқа берілді.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына аудандар бойынша төмендегідей материалдар жіберілді:

- Медеу ауданы бойынша - 7 материал («Манана»-2 мейрамханасы, «Отрар бар» ЖШС (Танцы) -4, «Централ»-1 дәмханасы, «Hookan Dreems»-1 ланудж бары, «Глобал Фудэнд» ЖШС Небо-1 бары, «Оранжери Group» ЖШС 1 - рестобар, «BM Trade Company» ЖШС «Артист»-1 бары); 

-Түрксіб ауданы бойынша - 4 материал («Раяна» мейрамханасы Илахунов ЖК, «Атлантис» бильярд клубы Бижанов Р.М. ЖК, «Прованс» дәмханасы, «Шашлычный двор» дәмханасы); 

- Алмалы ауданы бойынша - 4 материал («Арагоста» дәмханасы, «Дегирмен», «Дореми» караокесі, «Финик»-3 мейрамханасы); 

- Әуезов ауданы бойынша - 3 материал ( «Мята»-1 ланудж бары, «Алмалы»-2 караоке- бары, «Playstation Go»-1 ойын клубы).

Сонымен қатар, сот «До ре ми» караокесі Мұқанов көшесі, 130 Бисенева Л. ЖК, «Дегирмен» дәмханасы Абай даңғылы, 91 «ASM group» ЖШС 1 айға қызметін тоқтата отырып, 100 АЕК айыппұл салу туралы шешім шығарды. «АсЖан» ЖК «Арагоста» дискотекасы бойынша 100 АЕК айыппұл салынып, қызметі 3 айға тоқтатылды.

- Түрксіб ауданы бойынша: «Шашлычный двор» дәмханасының қызметі 1 айға тоқтатылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. «Atlantis» бильярд клубына қатысты сот жеке кәсіпкер Ренат Бижановты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және Алматы қаласы, Наманганская көшесі, 35 мекенжайы бойынша орналасқан «Atlantis» бильярд клубының қызметін 1 ай мерзімге тоқтата отырып, мемлекеттік бюджет кірісіне 277800 теңге әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды.

- Әкімшілік сот Илахунов ЖК «Раяна» дәмханасы, «Прованс» дәмханасы ДиСи Гарибян ЖК қатысты ҚР ӘҚБК-нің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп таныды, нысанның қызметін 1 айға тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік жаза тағайындалды.

- Медеу ауданы бойынша сот «Bm Trade Company» ЖШС «Артист» -1 барына қатысты қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ сот «Hookan Dreems» дәмханасының «Suddenly» ЖШС, «Оранжери Group» ЖШС, «Оранжери» рестобарын ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабының 3-бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 277 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды және Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қайырбеков көшесі, 35а мекенжайы бойынша орналасқан қоғамдық тамақтану қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметті ұсынатын «Hookan Dreems» дәмханасының бір айға тоқтатты. 

- Әуезов ауданы бойынша «Алмалы» мейрамханасы, жеке тұлға Сағынбеков Б-ға, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 28.12.2020 ж. «Алматинец» ЖШС-не 230 АЕК айыппұл салынып, 1 айға тоқтатылды. «Рlaystation Go»компьютерлік клубы -1, жеке тұлға Дүйсен А.Ж-ға қызметін 1 айға тоқтата тұрып айыппұл салынды.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын эпидемиологтар белгілеген қауіпсіздік талаптарын ескеріп, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырады.

Бүгінгі күні Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 19 747 жағдайы тіркелді, 18 037 адам сауығып, 398 адам қайтыс болды.